Ақпаратқа жол ашық болу | Сайттың мазмұнына көшу

Біз туралы

Құрметті мырзалар мен ханымдар!

Бұдан былай ынтымақтастық жасауға сенім және табыс білдіре отырып, Сіздерді «Hospitality Travel Limited» туристік компаниясы қолдап-қуаттайды.

Біздің компания Сізге Біріккен Королевствоның тамаша орындарын аралау бойынша кешенді қызмет көрсету мүмкіндігін ұсынғанына қуанышты. Біз компанияның жеке, бизнес және инсентивті турларына, корпоративтік қызмет көрсетуге мамандандырылғанбыз. Сонымен бірге «Hospitality Travel Limited» компаниясы Лондон мен Ұлыбританияда кең көлемде отельдің түрлі класын броньдау, жеке турлар, бизнес туризм, көлік қызметін көрсету бойынша жұмыс істейтін компания болып саналады.

Біз жүргізушілермен бірге түрлі кластағы жайлы (комфортты) автомобильдерді жалға беруді ұсынамыз және тасымалдауды кез келген бағытта жүзеге асырамыз. Ұшақ кідіргенде тапсырыс берушіні кепілдікпен қарсы алып, күннің кез келген уақытында тапсырыс берілген мекенжайға жеткізеді. Жүргізушілеріміз — үлкен еңбек стажы және мол тәжірибесі бар кәсіпқойлар, олар орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлей алады.

Біз өз тапсырыскерлерімізді PCO-да тіркелген сапалы, сақтандырылған , лицензияланған автокөліктермен қамтамасыз етеміз.

Компания тасымалдау қызметін ұсынудан тыс, өте арзан бағаны да ұсынады. Біздің қызметімізге Лондонның кез келген басқа әуежайынан (HeathrowGatwickStanstedLuton және London City), тасымалдау, Ұлыбританияға арнайы сапарға шығу, түрлі көлік қызметтері, отельдің түрлі класын броньдау, жеке турлар, бизнес туризм және т.б. енеді.

  • Лондон қонақүйлеріне жеңілдетілген бағамен орналастыру.
  • Әуежайда және теміржол вокзалында күтіп алу.
  • Көрмелерді, көрме шеңберіндегі семинарлар мен конференцияларға қатысу.
  • Мәдени бағдарламалар мен мұражайларды аралауды, Лондонға, оның табиғатына саяхат ұйымдастыру
  • Англия, Шотландия мен Уэльске барған кезде көлік қызметін көрсету.

Топ болып сапарға шығуды ұйымдастырушыларға жеңіл шегерме жүйесі бар.

18 жылдан бері компаниямыз жоғары деңгейде сервис қызметін ұсынуда — бұл оның артықшылығы әрі беделі саналады. Компания девизі — «Әрбір тапсырыс берушіге сапасы жоғары қызмет көрсету және сервисті жетілдіру». Компанияның басты девизі — «Жауапкершілік. Сенімділік. Кәсіпқойлық». Соның нәтижесінде компания туризм саласында жетекші орындарды иелеп келеді.

Біз ынтымақтастық жасауға ынталымыз. «Hospitality Travel Limited» компаниясы қызметкерлерінің сіздерге көрсеткен қонақжайлылығы, жылдамдығы мен ұсынған жайлылығы әрқашан естеріңізде қалады.Сіздерді саяхатшылар мен серіктестер арасында көру бізге қуаныш бағыштайды.

Ізгі тілекпен,

Рамил Рифмир улы Минуллин
Бас директор