Саяхаттар
Біз сіздерге Ұлыбритания бойлап жеке және топ болып саяхат жасауды ұсынамыз. Біздің кәсіпқой экскурсия жетекшілеріміз (гид) туралы көптеген жақсы пікірлер айтылып, ұсынымдар алған.
Әр күні Лондонға 1000-ға жуық саяхатшы келеді. Лондонда әлемге әйгілі көз тартарлық керемет орындар бар. Біз ұсынған саяхатта Сіз Лондонның нағыз лебі мен асқақтығын сезінесіз, оның көпғасырлық тарихымен танысып, ұлы қаламен әрқашан үйлесіп тұрған тамаша орындарды көресіз.
Біз сіздерге Сомерсетшир графтығындағы Бат, Оксфорд, Солсберидегі кафедралы собор, Стоунхендж, Эйвондағы Стратфорд, Винчестер кафедралы соборы, Виндзор қорғаны сияқты орындарын тамашалауыңызға кеңес береміз.
Лондонға шолу саяхаты
Саяхат кезінде Сіз Лондонның нағыз лебі мен асқақтығын сезінесіз, оның көпғасырлық тарихымен танысып, ұлы қаламен әрқашан үйлесіп тұрған тамаша орындарды көресіз. Бұлар Трафальгар алаңы, Букингем король сарайы, Вестминстер Аббаттығы, әрине, өзінің Биг Бенімен әйгілі Парламент ғимараты. Сіз әлемдегі ең ірі қаржы орталығы әрі Лондонның тарихи жүрегі саналатын Сити ауданын тамашалайсыз.
Тауэр
ХI ғасырдағы король қорғаны (замок). Бұл қорған туралы түрлі аңыз-әңгімелер бар, бұл жер көрінбес елестерге толы. Бұрынғы заманда ол король резиденциясы, түрме, жазалау орны болған. Ал қазір Лондонның ең тамаша да қызықты орындарының бірі, бұл жерде әркім өзін қызықтырған нәрсені таба алады: еркектер — рыцарьдың сайыт-сайманын, әйелдер — тамаша бриллианттарды, балалар — аңыздық қара қарғаларды. (Билеті: £22.00).
Виндзор қорғаны
Қазіргі кезде адамдар жасайтын әлемдегі ең ірі қорған. Оның ежелгі тұрғындары 1000 жылдн бері жасап келе жатқан корольдар мен королевалар. Бүгінгі күнде бұл жер королева II Елизаветаның ең сүйікті қала шетіндегі резиденциясы. (Лондоннан шамамен 1 сағаттай жол, Билеті: £18.50).
Оксфорд
Оксфорд «сүмбілерді армандаушылар қаласы» — ең алдымен өзінің 39 колледжі бар университеттерімен әйгілі. Қаланың тарихы 9 ғасырға барып тіреледі, оның көшелерінде осы күнге дейін Ортағасырдың лебі еседі. Оксфорд шынында да ертегі қаласы! (Лондоннан шамамен 1 сағат 20 минуттай жол. Бір колледжді барып көру £7.00-ға жуық).
«Блэнейм» сарайы
Англияда ең көріктісі саналатын Мальборо герцогтары резиденциясы. Осы қалада ХХ ғасырдың ұлы саясаткері Уинстон Черчиль туылған. (Оксфордқа жақын жерде. Билеті £22.50).
Гринвич
Сіз еркін сейілдей алатын, Гринвич обсерваториясынан өтетін нөлдік меридианмен байланысты жер. Бұдан тыс Сіз кемеде Темзаға саяхат жасайсыз! (кемеде бір бағыттың билеті £12.50).
«Лиидс» қорғаны
Бұл нағыз адам аяға баспайтын ортағасырлық қорған. Қорғанның көзге түсе бермейтін саябақтары бар, оның жан-жағы су толтырылған ормен қоршалған. Оны жиі Корольдар Қорғаны деп атайды. Неліктен? Мұны Сіз саяхатқа шыққаныңызда білесіз. (Лондоннан 1 сағат жол. Кіру билеті: £24.00).
Ұлттық картиналар галлереясы
Әлемдегі ең көріктісі. Мұнда Еуропа живопись шеберлері: Леонардо Да Винчи, Рафаэль, Рубенс, Веласкес, Ван Гог, Клод Моне сынды шеберлердің және басқалардың туындылары бар.
Британия мұражайы
2 миллион жылдық адамзат тарихы жиналған дүние жүзіндегі өте керемет мұражай!
Мадам Тюссо
Мадам Тюссо — мұны айтпаса да болады, бұл мұражайды бүкіл әлем біледі! (Билеті £30.00).
Шерлок Холмстың үйі
Бейкер стрит 221б — Лондондағы ең әйгілі мекенжай. (Билеті: £12.00).
«Лондон Айнасы» дөңгелек үстінде шолу жасау
Қазіргі таңдағы ең биік дөңгелек үстінде шолу жасау. Биіктігі 325 метр. 2005 жылы әлемнің ең ғажайып орындарының бірі деп табылды. (Билеті: £21.00).
Қызмет көрсету бағасы
№ | Сипаттама | Ұзақтығы, сағ | Қызмет көрсету бағасы |
1. | Саяхат | 4 | £170,00 |
2. | Виндзор қорғаны | 4 | £170,00 |
3. | Оксфорд + «Блэнейм» сарайы | 8 | £280 |
4. | Гринвичке кемеде бару | 4 | £170,00 |
5. | «Лиидс» қорғанына бару | 4 | £170,00 |
6. | Ұлттық картиналар галлереясы | 2 | £110 |
7. | Британия мұражайы | 2 | £110 |
8. | Мадам Тюссо | 2.5 | £125 |
9. | Шерлок Холмстың үйі | 1 | £65 |
10. | Лондон Айнасы | 1 | £65 |
11. | Тауэр | 2.5 | £125 |
Ескерту:
- Кіру билетінің бағасы өзгеруі мүмкін.
- Кіру билетінің бағасы экскурсия бағасына кірмейді.
- Экскурсия бағасына трансфер енбейді.
- Егер саяхат жарты күнге (4 сағат) есептелген болса, оны басқа саяхатпен құрамдастыруға болады. Мысалы: Лондонға шолу саяхаты + Гринвич; Мадам Тюссо + Шерлок Холмстың үйі + Лондон Айнасы; Тауэр + Британия мұражайы.
Біздің ұсынымыз Сізге ұнайды деп ойлаймыз, Сіз тамаша әсерге толы әрі ұмытылмайтын сәттерді бастан өткізесіз.